Кеше Қаратөбе ауданы және Қызылқоға ауданының әкімдері меморандумға қол қойды.
Меморандумға қол қою рәсімінде қос аудан әкімі және бөлім басшылары болды.
Қос ауданның басшыларының мақсаты тарихи сананы жандандыру, тамыры тереңге бойлаған қасиетті Қаратөбе ауданы мен Қызылқоға ауданы арасындағы әріптестік байланысты арттыру, мәдени шығармалар қорын байыту болып табылады.
Кездесу барысында Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров өзара ынтымақта, бірлесіп жұмыс жасау негізінде әрқашан қолдау көрсететіндіктерін жеткізді. Және көрікті ауданды көріп, Қызылқоға ауданының әкімі Мақсот Мұқановқа жұмыстарының нәтижелі екендігіне лебіздерін білдірді.
Бүгінгі меморандум Елбасы жобаларының Әрі қарайғы дамуына, жүзеге асуына үлкен қадам болмақ.
Кездесу барысында Сырым ауданы да Қызылқоға ауданымен меморандумға қол қойды. 
Қызылқоға ауданы – Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет ретінде танылған Қазақстанның батысындағы «Қақпақты қара қазан» атанған, ежелден ерлік пен елдіктің мекені болған, шежіреге бай, келісті де келбетті өлке.
Үш аймақтыңн әкімі сапар барысынды Қызылқоға ауданындағы нысандарды аралап, бірқатар мәселелерді талқылады.
Кездесу соңы Жайықтың ақ шағаласы Аққұштап Бақтыгерееваның рухани кешімен жалғасты.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы