Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 31 мамыр – 2 маусым күндері аралығында Орал қаласында өткен қазақ күресінен 2006-2008 жылғы туылған жасөспірімдер арасында қалалық турнирден жерлестеріміз жүлделі оралды.
Бабы келіскен жас палуандар үш күн бойына боз кілемнің шаңын қағып, көрермендерге тамаша ойын өрнегін сыйлады.
«Күш атасын танымас» дегендей, бұл бәсекеде жерлес жас спортшылар жеңімпаз атанды.
Атап айтсақ, 26 салмақ дәрежесінде Айдос Жолдығалиев ІІ орын, 29 салмақ дәрежесінде Мадияр Халиуллин, Жолдан Төлеуберді ІІІ орын, 38 салмақ дәрежесінде Батыр Жылқыбаев ІІ орынды қанжығалады.
Жаттықтырушылары Роман Сыдықов пен Жақсат Қажымов балғын палуандардың алар асуы әлі алда екендігін алға тартады.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы