2015 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауылдық жерлердегі халықты біріктіріп кооператив құруды тапсырған болатын. Министрліктің тапсырмасына сай ауылдық жерлерде іргелі істер қолға алынуда.
Қаратөбе ауданында алғашқылардың бірі болып аққозылық Серікқали Нұрəділов кооператив құрған болатын. Бүгінгі таңда кооператив жанынан барлық талаптарға сай қой қырқу технологияларын үйрене жүріп, жер алып, мал шаруашылығы дамыған ауданымызда әзірге болмаған кәсіпті ашуды жөн санаған Серікқали Нұрəділов Аққозы ауылында қой қырқу алаңын іске қосып, халықтың игілігіне пайдаланылуға берді.
Аталмыш кәсіптің ашылу салтанатына сөз алған аудан әкімі Асхат Шахаров:
- Бүгінгі ашылған қой қырқу алаңы алдағы уақытта халық игілігіне жаратылады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында Үкімет пен әкімдерге төмендегідей тапсырмалар жүктеген болатын: Біріншіден, субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастырып, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшу қажет. Екіншіден, 5 жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік жасау керек деген болатын. Бүгінде Елбасымыз айтқан тапсырма орындалып келеді, осынау ашылған қой қырқу орны құрылған кооператив соның дәлелі десем болады, - дейді. 
БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Жасұлан Халиуллин сөз алып, ауыл тұрғындарын игілікті бастамаларына алғысын білдіріп, құттықтау тілегін жеткізді. 
Келген қоңақтар мен ауыл тұрғындары қой қырқу алаңы жұмыстарымен таңысты.
Аққозы ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы Серікқали Сарыұлының айтуы бойынша бүгінде кәсіп орнына 7 адам маусымдық жұмыспен, 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Кооперативте қазіргі таңда 68 үй мүше, 300 аналық мал басы, 10 асыл тұқымды бұқа, 2 жылқы, 2 бақташысы бар. Қой қырқу алаңы жұмыстарына 1000 000- дай қаражат жұмсалды. Ендігі мақсатым — көктем мен күз мезгілінде қойлардың жүнін қырқып, басқа уақытта сол шикізатты жуып, тазалап, пайдаға асыру. Біріншіден, қойлар уақытында қырқылып, тазарылады, екіншіден, жүндері далада қалмайды. Жұмысшылар тәулігіне 250-300-дей қой қырқиды. Қой жүндері нығыздалып, алдағы уақытта Орал қаласындағы «Аяз» ЖШС жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндеу цехна тапсырылады, - дейді. 
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндеу мен қайта өндеу департаментінің стратегия және талдау басқармасының басшысы Нұрболат Мақашов, Аудан әкімі Асхат Шахаров, Аққозы ауылының тұрғыны, еңбек және тыл ардагері Карима Бакирова қой қырқу алаңының лентасын қиды
Ашылу салтанатынан соң Аққозы ауылдық мәдениет үйінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндеу мен қайта өндеу департаментінің стратегия және талдау басқармасының басшысы Нұрболат Мақашов, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Жасұлан Халиуллин, аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиевтің қатысуымен «Аққозы ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің жұмысы туралы» семинар-кеңес өткізілді. 
Семинар-кеңеске округ әкімдері мен кооператив төрағалары қатынасып, сала мамандарына сұрақтарын қойып, ұтымды жауаптарын алды. Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалар жөнінде толық мәліметтер берілді.
Маралбек АМАНТАЕВ, 
Қаратөбе ауданы