Қаратөбе мектеп-гимназиясының базасында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл аясында қазақ күресінен 2001-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында мектепаралық кубогі үшін жарыс өтті.
Спорттық жарысқа 6 команда сапында30-ға жуық жас спортшы қатысты. Палуандар 26, 35, 46, 51, 60 келі салмақ дәрежелерінде сынға түсті. Жарысты өткізудегі мақсат жастарды жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Жарысқа қатысушылар боз кілемде бір-біріне осал еместіктерін көрсетіп бақты. 
Аталмыш жарыстың қорытындысында І орынды Қаратөбе мектеп-гимназиясының командасы иемденіп, арнайы кубогті жеңіп алды. 
 ІІ орынды Аққозы ЖОББ мектеп-балабақшасының командасы, ІІІ орынды Жамбыл ЖОББ мектеп-балабақшасының жас палуандары місе тұтты. «Жеңіске деген жігері үшін...» аталымымен Шөптікөл ЖОББ мектеп-балабақшасының командасы иеленді. 
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.
Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,
Қаратөбе ауданы