18 мамыр күні аудандық білім беру бөлімінің фойесінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің «Шеберлік шыңға шығарар ЭКСПО-2017» атты көрмесі өтті.
Оқушыларға жан-жақты экологиялық тәрбие беріп, әрбір баланың жүрегіне табиғатты аялауға, қоршаған ортаны бағалауға, сүюге шақырып, адам мен табиғат әрқашанда егіз екендігін түсіндіру қажет.
Осы мақсатта Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің оқушылары жасаған «ЭКСПО-2017» макеті ерекше үлгіде жасалған.
Мәдени шараға келушілер суретшілер мен қолөнер шеберлерінің құнды жәдігерлерімен, қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдарымен, сондай-ақ салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты дәріптейтін шығармалармен танысты. 
Көздің жауын алатын керемет суреттер түрлі тәсілмен салынған. 
Көрме халық арасында ұлттық қолөнерді сақтап, дамыту жолында еңбек етіп жүрген жас шеберлерді және олардың жұмыстарын өскелең ұрпаққа таныстыру, қ ұлттық құндылықтарды сақтай отырып еңбекке баулу мақсаттарын көздейді.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы