Бүгін Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан прокурорының заң бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмауға шара алу туралы ұсынысын қарау жөнінде жиын өтті.
Отырысқа төрағалық еткен аудан әкімі Асхат Шахаров алдымен жиынға қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.
Кезегінде сөз алған аудан прокуроры Ғалымбек Мұхитов заң бұзушылқтарды жою және аудан бойынша көшелерде бағымсыз жүрген мал иелеріне әкімшілік іс қозғау немесе мал қамау алаңдарын салып, тиісінше айыппұл төлету мәселелеріне тоқталды.
Одан соң аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Есенжол Ғабдыраш аудан бойынша ауыл шаруашылығы кооперативімен жеке шаруашылық иелері малдарының жайылым бағыттарын баяндаса, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Кенжебек Аймашев аудан бойынша мал бордақылау аландарының бірқатары санитарлық талаптарға сай келмейтіндігін сөз етті.
Жиын соңында аудан басшысы Асхат Берлешұлы көтерілген мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдері мен тиісті мекеме басшыларына бірнеше тапсырмалар жүктеді.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы