11 мамыр күні «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының мәжіліс залында «Медиация – сотқа дейінгі дауды реттеу» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Қаратөбе аудандық сотының судясы Олжас Миралиев күн тәртібімен таныстырды.
Дөңгелек үстелде медиация тәртібімен келісімге келудің артықшылықтары мен аудандағы медиация және медиаторлар туралы аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі кадр қызметі бөлімінің бас маман заңгері Айсұлу Дияшева баяндады.
Содан соң Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің медиация кабинетінің меңгерушісі Талшын Италиева сотқа дейінгі дауды реттеу және даулар мен шағымдарды бітімшілікпен екі жаққа да пайдалы шешім қабылдау мәселесіне тоқталды. 
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар медиация заңы бойынша туындаған сұрақтарды талқылап, пікір алмасты.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы