Бүгін Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында кәсіпкерлер кеңесі оздырылды.
Аудан әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен кеңес отырысының күн тәртібінде бірнеше мәселе көтерілді.
Кеңесте хабарлама жасаған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали аудандағы шағын және орта бизнес субъектілеріндегі қызметкерлерге Қазақстан Республикасының «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Заңын түсіндіріп өтті. 
Кезегінде сөз алған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қанат Бадақов пен аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Рамазан Қыдырашев жеке және қосалқы шаруашылықтарда мал бордақылау алаңдарын ашу заңдылықтары туралы, кәсіпкерлердің құрылыс жүргізу кезіндегі заңдылықтардың сақталуы туралы айтып өтті.
Қаратөбе ауылдық округінде кәсіпкерлік саласы бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырып өткен Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қайырғалиев аудан орталығындағы кәсіпкерлік нысандардың қызмет көрсету бағыттары мен олардың жетістіктеріне тоқталып өтті.
Кәсіпкерлер кеңесін қорытындылаған аудан әкімі кәсіпкерлікті дамыту, аудан экономикасын көтеру, тың жобаларды жүзеге асыру бағытында барша кәсіпкерлерді қажырлы еңбек етуге шақырды.
Серікбай ХАСАНОВ,
Қаратөбе ауданы