Бүгін Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан көлемінде 2017 жылғы табиғи өрттің алдын алу және жою, күштер мен құралдардың шомылу маусымына дайындығы және судағы адам өлімін алдын алу шаралары туралы төтенше жағдайлар комиссиясының отырысы оздырылды.
Отырысқа төрағалық еткен аудан әкімі Асхат Шахаров комиссия мүшелерін күн тәртібімен таныстырды. 
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарлама жасаған Қаратөбе ауданының ТЖБ-і бастығы, азаматтық қорғау капитаны Нұрбол Нысанов:
«Аудан аумағы мен халқын, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет құрылмаған елді мекендер мен дала алқаптарын өрттен қорғау мақсатында ауданның 8 ауылдық округінде жалпы саны 185 адамнан тұратын 9 ЕӨҚ жасақтары құрылды.
Аталмыш жасақтардың дайындығы қаралып, оқу-жаттығулар өткізілді. Жалпы саны 41 дана әртүрлі автотехника, 99 аспалы өрт сөндіргіштермен, сапалақтармен жабдықталған.
Аудан бойынща қазіргі таңда 2 өрт, 2 жану оқиғасы тіркелді» - деді. 
Өз кезегінде хабарлама жасаған Сулыкөл ауылдық округінің әкімі Берікқали Муса мен Қаракөл ауылдық округінің әкімі Нұржан Сахипов округтердегі табиғи өрттің алдын алу және оны жою, күштер мен құралдардың шомылу маусымына дайындығы және судағы адам өлімінің алдын алу шаралары туралы баяндады.
Округ бойынша құрамында 15 ерікті мүшесі бар шұғыл әрекет ету жасағы бар. Жасақ 7 аспалы су бүріккішпен, 10 алғашқы өрт сөндіру құралдарымен және қажетті су тасымалдау үшін сыйымдылығы 200 литрлік екі құтымен жабдықталған, - дейді Қаракөл ауылдық округінің әкімі Н.Сахипов.
Отырыс соңында аудан әкімі Асхат Берлешұлы мал азығын дайындау науқанына ауыл шаруашылығы техникаларының жарамдылығын тексеруді, ерікті жасақтарды түгендеуді және отырыста көтерілген т.б. мәселелерді қадағалауды тиісті мекеме басшыларына тапсырды.
Ертай БИМҰХАНОВ,
Қаратөбе ауданы