Бүгін Қаратөбе аудан әкімдігінің мәжіліс залында бруцеллез, құтырма және жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында атқарылған жұмыстардың қорытындысы жөнінде жиын өтті.
Жиында сөз алған аудан басшысы Асхат Шахаров күн тәртібіне бірнеше мәселе қойды.
Күн тәртібінде қаралған бірінші – мәселе бруцеллез және құтырма ауруларының алдын алу. 
– Ауданымызда биылғы жылдың ағымдағы уақытында жекелеген адамдар арасында бруцеллез ауруы тіркелген жоқ. 
Алайда осы төрт айда 63 ауладан 141 бас ірі қара малы аталған аурумен тіркеліп, қарым-қатынаста болған 124 адам тексеруден өтті. 
Ағымдағы жылдың 4 айында 9 адам тістеуден жарақат алып, 7 ит қапқан, 1 мысық тырнаған, 1 қарсақ тістеген адам тіркеліп, барлық жарақаттанғандар профилактикалық екпесін алды, - деді отырысты хабарлама жасаған аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Мағия Аманжанова.
Одан соң хабарлама жасаған аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Кенжебек Аймашев ағымдағы жылдың 5 айында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– Бруцеллез ауруына қазіргі таңда барлығы 12920 бас ірі қара малдары зерттеліп, 185 бас ірі қара малдары ауру мал есебінде тіркелді. 
Оның ішінде 112 бас ет комбинатына тапсырылды. Аудан бойынша 196 бас бұралқы иттер мен мысықтар ұйықтататын дәрімен ауланып, жойылды, -дейді.
Отырыс соңында аудан басшысы Асхат Берлешұлы көтерілген мәселелер жөнінде мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы