9 мамыр Жеңіс күні мерекесі аясында Қаратөбе ауданының орталық алаңында аудандық мәдени-демалыс орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудан тұрғындарына арналған мерекелік концерт өтті.
Мерекелік шарада республикалық оқушылар арасындағы ақындар айтысының жүлдегері, жас ақын Райымбек Өтепов Жеңіс күніне арналған арнауын орындаса, мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық бағыттағы әндер шырқап, көрермен қошеметіне бөленді.
Мерекелік концерт соңы отшашуға ұласты.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы