Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров Жеңіс күні мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагері, Қаратөбе ауылының тұрғыны Құрманғали Ысқақовтың шаңырағында болып, майдангерді Жеңіс мерекесімен құттықтады.
Аудан басшысы Асхат Берлешұлы ардагерді айтулы мерекемен құттықтап, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың және «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасыры Мұхтар Құл-Мұхаммедтің, облыс әкімі Алтай Көлгінов пен «Uniserv» компаниясының құттықтаулары мен арнайы сыйлықтарды табыстады. 
Құрмет көрсетіп, құттықтап келген лауазымды тұлғаларға алғысын жеткізген ардагер ақсақал Құрманғали Ысқақов еліміз аман, жұртымыз тыныш болуын тіледі.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы