Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Мұхит жастары» ЖҚБ-ның ұйымдастыруымен «Ер есімі – ел есінде» атты рухани патриоттық акциясы ұйымдастырылды.
Қаратөбе ауданының орталық саябағында орналасқан ҰОС-нан оралмаған боздақтарға арналған «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоғын қойған бүлдіршіндер соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлерінің ерліктері мен өмірбаяндарын оқыды. 
Биыл Ұлы Жеңістің 72 жылдық дүбірлі мерекесі кең көлемде тойланып жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің жыл өткен сайын мәні артып, мәртебесі биіктеп келеді. 
Жылдар жылжыған сайын сынық сүйем жерді қанымен қорғаған ерлердің қатары азайып, сұрапыл соғыстың әр күнінің, тіпті әр сағатының салмағы артып келеді. Отан үшін бастарын бәйгеге тігіп, кейінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған Жеңіс солдаттары қандай қошеметке де лайық, - дейді аудан жастары.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы