Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығында оқушылардың жан-жақты дамуы үшін туристік-өлкетанулық экологиялық бағытында аудандық «Самал – Ветерок» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты балалар мен жасөспірімдерге экологиялық тәрбие беру, олардың көркем шығармашылығын дамыту және қолдау‚ шығармашылық тәжірибе алмасу, жеке шығармашылық мүмкіндіктеріне‚ ойлауды дамытуға жағдай жасау және облыстық кезеңге іріктеу болып табылды. 
Аталмыш байқауға жалпы орта білім беретін және негізгі орта білім беретін мектептерден 6 команда және Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің шәкірттері қатысты. 
Салтанатты шарада сөз алған аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Салтанат Бейсенбіқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілегін жеткізді. 
 Сынға түскен оқушылар «Арт-нысан», «Рельефтік сурет», «Гүлденген ғаламшар» сынды кезеңдерден қамтыды. Алғашқы кезеңде үйден жасап әкелген жұмыстарын қорғаса, соңғы кезеңге өз туындыларын сол жерде орындап, әділқазы алқаларына жұмыстарын тапсырып, қорғады. 
«Самал – Ветерок» байқауының қорытындысында «Арт-Нысан» кезеңінде І орынды Жазира Отарғалиева (Мұхит атындағы ОЖББМ), ІІ орынды Эльнара Шүйіншалиева (Егіндікөл ОЖББМ), ІІІ орынды Зульфира Құлбекова (Ханкөл ОЖББМ) еншіледі. 
Ал, «Рельефтік сурет» кезеңінде І орынды Әсел Амангельдина (Қаратөбе мектеп-гимназиясы), ІІ орынды Жансая Асылбекова (Мұхит атындағы ОЖББМ), ІІІ орынды Салтанат Тналиеваға (Егіндікөл ОЖББМ) бұйырды. 
«Гүлденген ғаламшар» кезеңінде І орынды Зульфия Темірболатова (Қаратөбе балалар шығармашылығы үйі), ІІ орынды Есімжан Есенжолұлы (Қаратөбе мектеп-гимназиясы), ІІІ орынды Нұржігіт Нұрбергенов (Қалдығайты ОЖББМ) місе тұтты. 
Жеңіс тұғырынан көрінген оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА, Қаратөбе ауданы