Жуырда Тасқала ауданында қол күресінен (армрестлинг) 2000 жылы туылған жəне одан төмен жасөпірімдер арасында ашық аудан біріншілігіне Қаратөбе ауданының құрама командасы жүлделі орындардан көрінді.
Аталмыш жарысқа жалпы 8 команда, 100-ден астам спортшы қатысып, Қаратөбе ауданының намысын қорғай барған жас спортшылар қарсыластарына дес бермей, мықтылықтарын көрсетті.
Сайыс қорытындысында, 35 келі салмақ дәрежесінде Мерей Құмаров І орынға, 40 келі салмақта Дияс Жұмағали І орынға қол жеткізді. 
Ал, 50 келі салмақта І орынды Ержан Ерболат, ІІ орынды Мейірім Құмаров, ІІІ орынды Руслан Құсанов місе тұтты. 
55 келі салмақ дәрежесінде Жандарбек Ниязов І орыннан, Али Шайжанов ІІІ орыннан, 60 келі салмақта Наурызбек Қуандықов І орыннан, Нұрсұлтан Беріков ІІІ орыннан көрінді. 
Жас спортшылардың жетекшісі – аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрқат Нысанов.
Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,
Қаратөбе ауданы