Кеше Қаратөбе ауданының орталық алаңында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Мұхит жастары» ЖҚБ-ның ұйымдастыруымен «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» атты 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған флешмоб өтті.
Шарада сөз алған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Эльдар Амантаев аудан тұрғындары мен аудан жастарын айтулы мерекемен құттықтады.
Орталық алаңға жиналған аудан тұрғындарына арнап, жастар мен мектеп оқушылар өнер көрсетіп, айтулы мерекенің маңызын айшықтай түсті. 
Акцияға қатысқан 50-ге жуық жастар ел бірлігінің тұтастығына жастардың үлесі мол екендігін көрсете білді.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы