Шөптікөл орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» жобасы аясындағы ҚР дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі ұлт жоспарын іске асырудың 86-қадамында ішкі туризмді дамыту, «Мәңгілік ел» идеясын және патриоттық тәрбиені жүзеге асыру мақсатында бірыңғай педагогикалық кеңес өтті.
Шөптікөл ОЖББМБ-ның ұстаздары, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Айсұлу Сүлейменова қатысты.
«Мәңгілік ел» патриоттық актісінде белгіленген өскелең ұрпақтың әлеуметтену және өздігінен дамуындағы басты маңызды міндеттерді шешудегі басым бағыттардың бірі туристік-өлкетану қызметі болып табылады. 
Педагогикалық кеңес барысында Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының әдіскері Айнұр Сары:
«Жасөспірімдердің бойына адамгершілік, азаматтық қасиеттерді жинақтап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бірден-бір ықпал жасайтын – туризм. 
Бұл салада жасөспірімдерге өз өлкесінің табиғатын, туған жерінің құпиясын зерттеп, үйрету мақсатында Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығында бірнеше үйірмелер жұмыс жасайды. Үйірмелер оқушылардың демалыс уақытын тиімді пайдалану бағытында туған жерге жорықтар, экскурсиялар жүргізіп тұрады» - деді.
Педагогикалық кеңес барысында аудан мектептерінде мектеп мұражайын жандандыру жұмыстары тілге тиек етті. Мектеп ұжымы болып мұражайға құнды жәдігерлер жинап, экспонаттар санын көбейтіп, музейге құжат жасақтап, жетекші тағайындау арқылы музейдің жұмысы жандатындығы айтылды. 
Кеңесте сөз алған Шөптікөл ОЖББМБ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрбек Зейнуллин мектепте үш үйірме жұмыс жасайтындығын, оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп келе жатырғандығын айтып өтті. 
Педагогикалық кеңесті қорытындылаған мектеп директоры Есен Ғұмаров оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілік қасиеттерін оятып, мектеп мұражайының жұмысын ұжым болып жандандыруға шақырды.
Тоты ЕСҚАЙЫРОВА, 
Қаратөбе ауданы