Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихатының мәжіліс залында ауылшаруашылығын дамыту бойынша жиналыс оздырылды.
Жиналысқа тиісті мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалығы жетекшілері, ауылшаруашылығы өндірістік кооператив төрағалары және ауыл тұрғындары қатынасты.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына енгізілген өзгерістер мен отбасылық мал бордақылау алаңдарын құру және ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыруды талқылауға арналған жиында бірқатар мәселелер ортаға салынды. 
Алдымен, аудандық ауылшарушылығы бөлімінің басшысы Есенжол Ғабдыраш сөз сөйлеп, мал шаруашылығын дамыту мәселелеріне орай түсінік берді.
Сонымен қатар, аудандық статистика бөлімінің басшысы Халқамбай Есжан шаруагерлердің ай сайынғы есептерді уақытылы тапсыруы, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Гүлзира Мағзомова шаруагерлердің иелегіндегі жер мәселесі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали шаруашылықтар иелігіндегі жұмысшылардың міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарын аударып отыру, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов кәсібін өркендетуші шаруагерлерге көрсетілер қолдаулар турасында сөз сөйлеп, оларды бірлесе жұмыстануға шақырды. 
 Аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев төрағалық еткен жиналыс қорытындысында ауылдық округ әкімдеріне, субсидия алатын шаруа қожалықтары ақпараттық талдау жүйелеріне тиісті төлемдерді төлеуді, мал басын сәйкестендіруді, мерзімі біткен бұқаларды ақпараттық талдау жүйесінен шығаруды ұйымдастыру тапсырылды.
Ертай БИМҰХАНОВ,
Қаратөбе ауданы