Бүгін Қаратөбе ауданында еркін күрестен 2003-2005 жылғы туылған жасөспірімдер арасындағы ашық аудан біріншілігі басталды.
Спорттық доданың ашылу салтанатында сөз алған Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров байрақты бәсекеде палуандарымыздың жұлдызы жанатындығына сенiм бiлдiрiп, жарысқа қатысушыларға сәттiлiк тiледi.
Ауданымызда жалауын көтерген турнирде Атырау, Орал қаласының палуандары да сынға түсуде. Бұл жолғы жарысқа он команда қатысуға тілек білдірген.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы