Наурыздың 16-сы мен 18-і аралығында Орал қаласында қазақ күресінен 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Батыс Қазақстан облысы чемпионатына қатысқан қаратөбелік жас палуандар жүлдері орындарға қол жеткізді.
Салмақ дәрежелері бойынша екі бірдей палуан Эльдар Қойшыбаев пен (42 келі) Дәулет Ғабитов (+73 келі) жүлделі ІІІ орынды қанжығаларына байласа, 42 келі салмақ дәрежесінде алдына жан салмаған Мұқағали Өтепов І орынды жеңіп алып, сәуір айында Қызылорда облысының Шиелі қаласында өтетін ҚР чемпионатына жолдама алды. 
«Алдағы басты додада Мұқағалидың жеңіс тұғырынан көрінетіндігіне сенім артамыз. Қазіргі таңда Мұқағали республикалық чемпионатқа қызу дайындық үстінде» - дейді палуанның бапкері Роман Сыдықов.
Ерболат РАЙСОВ,
Қаратөбе ауданы