Наурыз мерекесі аясында Аққозы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан «Ханталапай» ойынын жаңғыртып, ұлттық дәстүрлерді дәріптейтін көріністер қойды.
Ұлағат ұясының дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Жасұлан Жүсібалиев пен Дидар Мұзафаровтың бастамасымен бастауыш сыныптар арасында асық ату ойыны да ойнатылған болатын. 
Нәтижесінде ойын барысында мергендік танытып, асықпен нысананы дәл көздеуі арқасында І орынды 2-сынып оқушылары, ІІ орынды 1-сынып оқушылары, ІІІ орынды 3-сынып оқушылары иеленді. 
«Үздік мерген» аталымымен Шыңғыс Арнұрұлы, «Үздік атушы» аталымымен Бақдәулет Маратов, «Үздік ойыншы» аталымымен Ернар Мұратов марапатталды.
Шара соңында «Қош келдің, Науырыз!» атты қолөнер және сурет көрмелері ұйымдастырылып, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары насихатталды.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы