22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні аудан әкімі Асхат Шахаров ардагер ұстаз Бақыт Жанғалиев пен көпбалалы ана Назым Құрманғалиеваның отбасында болып, ізгілік пен берекенің мейрамы Наурыз мерекесімен құттықтады.
Аудан басшысы Асхат Берлешұлы, аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абат Көбенов осынау бір берекелі жерде жаңа бір көктемнің самалы есіп, Самарқанның көк тасы жібіген Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап, қос қарияға қазақтың ұлттық киімі шапан мен камзол жауып, наурыз-қоржын табыстады.
Ардагер ұстаз Бақыт Жанғалиев аудан басшысына алғысын айтып, мерейлі істеріне қуанатындығын жеткізсе, көпбалалы ана Назым Құрманғалиева айтулы мерекемен құттықтап келгендері үшін алғысын білдіріп, батасын берді.
"Қарты бар елдің қазынасы бар" демекші, әрдайым ақ батасын беріп, жол көрсетер қарттарымыз аман болсын!
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы