Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының белсенді жастары аудан тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Құрманғали Ысқақовтың шаңырағында болып, ардагерді Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады.
«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Жақанұлы ардагерге Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің мерекелік құттықтау хатын табыстап, аудан әкімі Асхат Шахаровтың мерекелік қоржынын сыйға тартып, иығына зерделі шапан жапты. 
Ардагер атамыз облыс әкімі Алтай Сейдірұлына, аудан басшысы Асхат Берлешұлына және қаратөбелік азаматтарға алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Шараны ұйымдастырушылар бұдан басқа да азамат-азаматшалардың шаңырақтарында болып, мерекелік тарту-таралғы жасады.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы