Бүгін орталық алаңда аудандық кəсіпкерлік бөлімі жəне Қаратөбе ауылдық округінің əкімі аппаратының ұйымдастырумен жəрмеңке өтті. 
Жəрмеңкеде 30-ға жуық кəсіпкер өз тауарларын халыққа ұсынды. Қой еті, қуырдақ, кəуап т.б. сатылды. Қаратөбе ауылдық округінің кəсіпкерлері бірігіп, киіз үйде тұрмысы төмен отбасыларына арнап тегін қуырдақ таратылды. Наурыз мерекесіне арналған аудан мекемелерінің демеушілігімен аз қамтылған, даму мүмкіндігі шектеулі жандарға наурыз-қоржын таратылды.
Тоты АСҚАРҚЫЗЫ,
Қаратөбе ауданы