Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихатының мәжіліс залында БҚО дін істері мен дін мәселелерін зерттеу орталығынан құрылған ақпараттық түсіндіру топтары аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуде қазіргі діни сауатсыздықпен күрес, еліміздегі басқа діни радикалды ағымдар, олардың таралуы туралы кеңінен әңгіме қозғалды. 
Жиында сөз алған БҚО дін істері басқармасының бас маманы, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі, теолог маман Мақсат Раманқұлов:
«Қазіргі таңда ҚР территориясында 18 конфессия заңды түрде тіркелген. Яғни, 18 түрлі дін бар. 3600-ден аса діни бірлестіктер тіркелген. 
БҚО бойынша 9 конфессия заңды түрде жұмыс жасап жатыр. 75 діни бірлестік бар. Олардың барлығы БҚО дін басқармасының филиалдары. БҚО-да 43 мешіт тіркелген. 
Сонымен қатар, орыс проваслав шіркеуі, протестанттық, буддизм деген діни бірлестік бар және Рим католиг шіркеуі де қаламызда орналасқан. 
Қаратөбе ауданы бойынша 2 мешіт тіркелген. Бірі – аудандық орталық мешіт болса, екіншісі – Егіндікөл ауылында орналасқан мешіт. 
«Бүгінгі таңда облыс бойынша діни ахуал тұрақты» - деп облысымыздағы діни бірлестіктер мен мешіттерге тоқталып өтті.
- Көптеген мемлекеттерде діни экстремизм салдарынан қоғам бөлініске бөлінді. Қаншама мемлекеттердің жойылып кетуіне әсер етті. 
Қазіргі кезде жастардың өзге ағымдарға бет бұрып кетуіне түрлі ғаламтор сайттюары мен дін басқармасының рұқсатынсыз шығып жатырған, өзге теріс ағымдарды насихаттайтын кітаптардың көптігі. 
Әсіресе, ғаламтор арқылы жастардың санасын торлап алу оларға оңайға тиеді. Қазіргі таңда бұл сайттарға тоқтау салынып жатыр, - деп түсіндірді БҚО «Дін мәселерін зерттеу орталығы» КММ басшысы Жарас Аханов.
Жиынға келген БҚО дін істері мен дін мәселелерін зерттеу орталығынан құрылған ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері халық көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.
Тоты АСҚАРҚЫЗЫ,
Қаратөбе ауданы