«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру бойыша азаматтарды «Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өтті.
Акциясының басты мақсаты «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруды қамтамасыз етуші мемелекеттік органдарға халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын түсіндіріп, оған жастарды, жұмыссыздар мен аз қамтылған, өздігінен жұмыс істейтін тұлғаларды тарту жөніндегі бірлестік жұмыстарын ұйымдастыру үшін пікір алмасу болып табылады.
Акция аясында өткен қабылдауда сөз алған аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Батырғали Тойшыбаев аудандағы жұмыссыз жүрген тұрғындарға кәсіпкерлік негізде тегін оқу оқып, өз кәсібін ашуға мол мүмкіндік бар екеніне тоқталды.
Одан соң аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов ауданымызға қажетті жұмыс көзін есепке ала отырып, техникалық және кәсіби мамандарды жұмысқа тарту бойынша бағдарламаның негізгі бағытына тоқталып өтті.
Жиын соңында аудан тұрғындарының көкейінде жүрген сауалдарына тиісінше жауап алды.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы