14 наурыз күні аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Екпін Тінәлиевтің ұйымдастыруымен наурыз мерекесіне орай волейболдан ұлдар мен қыздар арасында «Шұбар доп» мектеп лигасының спорттық турнирі өтті.
Шараға қатысқан Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев сайысқа қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, бұқаралық спорт түрін мектеп оқушылары арасында жиі өткізу керектігін жеткізіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 
 Аталмыш сайысқа тыңғылықты дайындықпен келген ауданымыздағы 15 мектептің командылары арасында өрбіген спорттық дода тартысты өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша, ұлдар командасы арасында үздік ойын өрнегін көрсеткен Аққозы ЖОББМ-нің командасы І орынды иеленді.
Егіндікөл ЖОББМ-нің командасы ІІ орын алса, Мұхит атындағы ЖОББМ-нің командасы ІІІ орынды қанжығаларына байлады.
Қыздар арасында І орынды Жамбыл ЖОББМ-нің командасы, ІІ орынды Қаратөбе мектеп-гимназиясы командасы, ІІІ орынды Мұхит атындағы ЖОББМ-нің қыздары иемденді.
Түрлі аталымдар бойынша жақсы ойын өрнегін көрсеткендері үшін бірнеше спортшы дипломдармен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы