14 наурызда Қаратөбе аудандық мәслихатының мәжіліс залында өткен аудандық мәслихаттың VI шақырылымдағы кезекті Х сессиясында қоғамдық тәртіптің сақталуы, бюджетке өзгеріс енгізу, әлеуметтік мәселелер, Қаратөбе ауданы әкімі жанындағы бірқатар комиссиялар құрамдарына өзгеріс енгізу мәселелері қаралды.
Сессия жұмысының күн тәртібіне сай «Қаратөбе аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің 2016 жылы атқарған жұмысы туралы» бөлімнің жергілікті полиция басшысы міндетін уақытша атқарушы Ербол Ахбалиннің, «Аққозы ауылдық округі әкімдігінде 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы» округ әкімі Қоныс Мұқановтың, «Қаратөбе ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетовтың, аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы «Қаратөбе ауданының Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы №19-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқалидың хабарламалары тыңдалды.
Егіндікөл сайлау округінен депутат Дулат Қоламанов, №1 Аққозы сайлау округінен депутат Қобыланды Жұмағалиев, №5 Қаратөбе сайлау округінен депутат Нұрлан Оразов хабарламашылардың атқарылған жұмыстарына сай атқарылған жұмыстарға оң бағаларын беріп, шешімдерді бекітуді сессия жұмысына қатысушы халық қалаулыларының бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.
Сонымен қатар мәслихат аппаратының басшысы Жора Жанғазиевтің «Қаратөбе аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» және «Қаратөбе ауданы әкімі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы ұсынбаларын мәслихат депутаттары бірауыздан бекітті.
Көрісу күнімен тұспа-тұс келген сессия жұмысы барысында аудан басшысы А.Шахаров алдымен сессияға қатысушыларды көрісу күнімен құттықтады.
Аудан басшысы хабарламашылардың өткен жылда атқарған қызметтеріне тоқталып, өз ойын ортаға салды. 
«Аудан бойынша көгілдір отынмен қамтылуға тиісті 23 әлеуметтік нысан бар. Соның ішінде алдыменен 13 нысанды газбен қамту міндеті тұр.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына байланысты аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыржан Орынбасарұлының Аққозы ауылдық округі әкімі Қоныс Ізімұлына қойған сауалы өте орынды»,- деді аудан басшысы Асхат Берлешұлы.
Сессия жұмысына №12 Ақмешіт сайлау округінен депутат Әмірбек Жәнібеков төрағалық етті. 
Ерболат РАЙСОВ,
Қаратөбе ауданы