14 наурыз күні арайлы таң атысымен әрбір үйде таңертеңгісін дастарқан жайылып, көрші-көлем, ағайын-тума қыстан аман-есен шыққанына қуанып бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырады. Шаттық пен қуанышқа толы мерекеде ақжарма тілектерін айтып, амандық саулық сұрасады. Киелі Қаратөбе өңірінде де осынау мерекеге орай бірнеше шара жоспарланып, мереке тізбегі Қаратөбе мектеп-гимназиясындағы «Бауырсақ Party» шарасымен бастау алды.
Шара қазақтың ежелден келе жатырған салты Көрісу айты мен оның сәніне айналған ұлттық тағам бауырсақ туралы оқушыларға терең мәлімет беріліп, салт-дәстүрлерімізді құрметтеу мақсатында оздырылды.
Оқушыларға арналған тағылымды ертеңгілікте халқымыздың татулық пен бауырмалдыққа бастайын ерекше мереке 14 наурыз Көрісу күнінің басталу тарихымен таныстырып, бауырсақтың құрамы мен түрлерін түсіндіріп, оқушылардың мереке турасындағы ойларын кеңейте түсті.
Шара соңында аталмыш білім ордасының шәкірттері ата-аналарына, ұстаздарына жүрекжарды ақ тілектерін арнап, «Қазақы дастарқаным» әнін хормен орындады.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы