9 наурыз күні Қаратөбе ауданы прокуратурасында «Ұрлыққа тоқтам» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде отырыс өтті.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Абылай Тажкенов және ауылдық округ әкімдері, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Алдымен сөз алған аудан прокуроры Ғалымбек Мұхитов аудан және ауыл тұрғындарына малдарын бағымға ұйымдастыру мәселесін көтерді.
Ауылдық округ әкімдеріне тұрғындармен арада келіссөз жүргізу арқылы бағымсыз жүрген малдарды қамау және ішкі істер бөліміне көшеде бағымсыз жүрген малдарға рейд жүргізу арқылы анықтап, әкімшілік іс қозғау керектігін тілге тиек кетті.
Сонымен қатар ішкі істер бөліміне заңсыз арақ-шарап сататын дүкендерді рейд жүргізу арқылы анықтап, олардың тізімін мемлекеттік кірістер басқармасына тапсыруды жүктеді.
Отырыста көтерілген мәселелер бойынша сауалдар қойылып, пікірлер алмасылды.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы