28 ақпан күні Қаратөбе мектеп-гимназиясы базасында оқушылардың аудандық «Жайық толқыны» өлкетану фестивалі өтті. Фестиваль «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыру шеңберінде және «Менің Отаным - Қазақстан» туристік-өлкетану «Халықтық салт-дәстүр, өнер» бағыты бойынша оздырылды.
Оқушыларды халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, мәдениетін дәріптеуге тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткен шараның ашылу салтанатында аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Светлана Әзербаева сөз сөйлеп, фествальге қатысушылға сәттілік тіледі.
Аудан бойынша 13 мектеп оқушыларының арасында өткен шығармашылық сайыс «Жас қаламгер», «Жас талант», «Жас шебер», «Жас суретші», «Жас дизайнер», «Жас аспаз» бағыттары бойынша өрбіді.
Фестиваль қорытындысында «Жас қаламгер» бағытында Шөптікөл ЖОББМБ-ның оқушысы Н.Хамитова, «Жас талант» бағытында Егіндікөл ЖОББМ-нің командасы, «Жас шебер» бағытында Б.Аманшин атындағы ЖОББМ-нің оқушысы И.Шектібаев, «Жас суретші» бағытында Қаракөл ЖОББМБ-ның оқушысы А.Тілегенов, «Жас дизайнер» бағытында Қаратөбе мектеп-гимназиясының оқушысы А.Әмірғалиева, «Жас аспаз» бағыты бойынша Мұхит атындағы ЖОББМ оқушысы А.Маратова І орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.
«Жайық толқыны» фестивалінде түрлі бағыттар бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған оқушыларға арнайы дайындалған дипломдар табысталды. Аудандық кезеңнің жеңімпаздары фестивальдің облыстық кезеңіне жолдама алды.


Серікбай ХАСАНОВ,
Қаратөбе ауданы