Кеше аудандық мәдениет үйінінің ұйымдастыруымен «Сағындырған әндер-ай» атты ретро әндер кеші өтті.
Сазды кеште белгілі халық композиторларының әндерін көрермендерге сол күйінде бұзбай жеткізіп, сағынышқа толы сағым жылдарды еске салатын, сұлулық пен сезімді үйлестірген әсем әуендер мен жан тебірентер жауқар туындылар шырқалды. 
Сағынышқа толы сырлы кеште қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов және Ілия Жақанов, Досым Сүлеев, Ұлықпан Жолдасовтың әсем әндері көрермен жүрегіне жол тапты.
Кеш барысында жұп құрап шыққан Гүлсара Ғабдықызы мен Жарқын Аронова «Сыр сұлуы» әнін, Нұрғиса Орынғалиев пен Назира Жәрдем «Бақыт құшағында» әнін, Рүстем Ақташев, Ләйлі Ақкереева «Есіңе мені алғайсың», Жасұлан Рамазанов, Наргиз Сүлейменова «Алматы түні», Ержан Аманғалиев, Анаргүл Темірғалиева «Кешіепей келем деп ең» әнін нақышына келтіре орындады. Ал Жарқын Байтеміров орындаған «Мен туралы ойладың ба?» әні мен Аяжан Ысмағұлова шырқаған «Еркеледің сен» әндері көрермен ризашылығына бөленді. 
Әр кезеңнің естелігін, сағынышын еске салатын әндер кешін көрермен қашанда асыға күтетіні белгілі. Сағындырған сонау жылдарды әннің құдіретімен еске түсіретін кеш көзі қарақты көрермендердің көңілінен шығып, көтеріңкі көңілмен тарқасты.


Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы