Қазіргі таңда «Азаматтық қорғау туралы» Заңын және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою біріңғай мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесі туралы ережесін басшылыққа ала отырып аудан аумағындағы көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың және су тасқынының алдын алу шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету басты назарға алынып отыр.
Осыған орай, Қаратөбе ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау майоры Мэлс Ысқақов және аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Махамбет Қажыгереев су тасқынына қарсы азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарын және жедел әрекет ету жасағының (жеке құрам, техника бірлігі, сусорғыш, қапшық саны) толықтай әзірлігін тексерді. 
 Тексеру барысында қар ерігенде жыл сайын аула шарбақтары суға кететін аудан орталығындағы Қ.Жұмалиев көшесінің тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды. 
Тұрғындардан жауапкершілікті түрде өз үйелерінің айналасын, шатырды, қора-жайыдың іргесін және басқа да жиналған қарды, еріген қар суы ағып өтетіндей бағытпен тазалаулары сұралды.


Серікбай ХАСАНОВА,
Қаратөбе ауданы