25 ақпан күні Қаратөбе аудандық сотында «Сот ғимаратына өткізу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сот мәжілісі залында қоғамдық тәртіпті қадағалау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Басқосуда сот ғимаратына өткізу және ішкі қауіпсіздік ережелерінің талаптарын қатаң сақтау бағытында талаптардын сақталуы сөз болды.
Қатысушылармен сотқа шақыру қағазымен келген тараптарды тіркеу, темір іздегішпен тексеру тәртібін үнемі қатаң бақылауда ұстау керектігі талқыланды. Және де ғимаратта, сот мәжілісі залында, қоғамдық тәртіпті қадағалау, сот жұмысының сапалы болуына әсер ететіні ескерілді.
Отырыста полиция және сот қызметкерлерінің, жеке және заңды тұлғалармен қызметтік емес байланыстарда болмауы, өздерінің функционалдық міндеттерін мінсіз орындауы мемлекеттік қызметкерлердің халық алдындағы беделін көтеретіндігі әңгіме өзегіне айналды.
Дөңгелек үстел жұмысына кеңсе меңгерушісі С.Ғ.Жаролла, аға сот приставы Н.С. Ердибеков, БҚО МҚБ ММ-нің басшысы орынбасары Е.Т.Қойшиев, 2-ші полиция батальоны командирінің орынбасары Е.Е.Мұрзағалиев, техникалық қызметті ұйымдастыру бөлімінің инспекторы К.С.Кулаев, взвод командирі Д.Н.Мамбетияров, взвод командирінің м.а Қ.Ж. Жекенов қатысты.


Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы