Қаратөбе ауданында Ауған елінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28 жыл толуына орай мекемеаралық волейбол ойынынан жарыс өтті.
Ауған соғысы ардагерлерінің есімін ұлықтай отырып жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында өткен спорттық дода тартысты өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Мұхит атындағы ЖОББМ-нің командасы, ІІ орынды әкімдік командасы, ІІІ орынды аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы иемденді.
Жоғары ойын өрнегін көрсаткен Асланбек Бауен «Үздік қорғаушы», Нұрбек Сайнов «Үздік шабуылшы», Қали Мұқанов «Көрермен көзайымы» аталымдарымен марапатталды.
Волейбол ойыны «Қаратөбе» спорт клубының ұйымдастыруымен өтті.


Серікбай ХАСАНОВ,
Қаратөбе ауданы