Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров көңілді тапқырлар алаңы ойынында аудан намысын қорғап жүрген «24 сағат» командасының мүшелерін қабылдады.
2-8 ақпан аралығында Астана қаласында танымал әзіл майталманы Тұрсынбек Қабатовтың жетекшілігімен «Көңілді тапқырлар алаңы» ойынында сайысқа қатысушы 100 команда арасынан тартымды әзілдерімен танылған Батыс Қазақстан облысының атынан қатысқан «24 сағат» командасы финалдық ойындарға жолдама алған болатын. 
Жарасымды әзілдерімен өңірімізге танылып жүрген «24 сағат» командасының ойыншыларымен жүздескен аудан әкімі Асхат Шахаров олардың болашақ жоспарларымен таңысып, алдағы сайыстарына ақ жол тіледі.
Кездесу барысында команда мүшелері аталмыш сайысқа қатысуға қолдау көрсеткені үшін Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Берлешұлына жоба жетекшісі Тұрсынбек Қабатовтың алғыс хатын жеткізді. 
Сәуір айында өтетін финалдық ойындарға жолдама алған 14 команда қатарында «24 сағат» командасы да бақ сынамақшы.


Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы