Бүгін, аудан абыройын асқақтатып, қазақ күресінен ҚР чемпионаттының күміс жүлдегері атанған Мөлдір Мұрадымқызын аудан әкімі Асхат Шахаров қабылдап, жеңісімен құттықтады.
Атап айтсақ, жуырда Оңтүстік Қазақстан облысында қазақ күресінен 2001-2002 жылы туылған ұлдар және қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты болып, жарысқа аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің намысын арқалаған жерлесіміз Мөлдір Зейінова 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынап, жүлдемен оралды. 
Мөлдірді арнайы қабылдаған аудан әкімі Асхат Шахаров жеңісімен құттықтап, сәттілік тілеп, спорт пен білім бәсекесін қатар алып жүруді тапсырып, биік белестерден көріне бер деген тілегін жеткізіп, сыйлық табыстады.
Кездесу барысында аудан әкімі Асхат Берлешұлының қабылдағанына зор алғысын жеткізген Мөлдір Зейнова: 
- 2014 жылдан бастап спортпен шұғылдандым. Осыған дейін облыстың жарыстардың жеңімпазы атандым. Спорттағы жолымда алғашқы қомақты жүлдем Оңтүстік Қазақстан облысында өткен чемпионат. Бұл жарысқа жақсы дайындықпен бардым. Бір ай бұрын Орал қаласына барып дайындалдым. Боз кілемге шыққанда қарсыластарым осал болмады, - дейді.


Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,
Қаратөбе ауданы