Ақпан айының 15-і күні «Дарын» қосымша білім беру орталығында облыстық «Импульс - 2017» жас зерттеушілер мен өнертапқыштар интелектуалды турниріне қатысқан Қаратөбе мектеп гимназиясының өрендері жүлдеге қол жеткізді.
Турнирде 18 команда 3 айналым бойынша бақ сынады. 
Байқауда математика, физика, техника саласындағы ізденіске, зерттеушілікке, өнертапқыштыққа, оқу-танымдық қызметін ынталандыру мақсатында жас өнертапқыштардың еңбектері назарға ұсынылып, қаратөбелік өнертапқыштардың туындысы үздіктер қатарынан көрініп, командалық есепте І орынды иеленді.
Атап айтсақ, «Кешенді желдеткіш», «Шағын шаңсорғыш» туындылары көпшіліктің қызығушылығын таныта білді.
- Үшінші айналымда берілген тапсырмаларға сәйкес, өз идеямызды, қиялымызды қосып жазу керек болды. Бұл кезең қиындық тудырады деп ойлап едім, бірақ, топ болып жұмыстанудың арқасында жақсы нәтиже көрсете білдік, - дейді Қаратөбе мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Табяш Октябрь.
Аталмыш турнирде жетекшілік еткен Қаратөбе мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Ментай Талғатқызы бүгінгі жеңісті жас өнертапқыштар Мадияр Халиуллин, Жібек Сағындық, Шынар Нұрмағамбетова, Табяш Октябрь сынды шәкірттерінің тынымсыз еңбектерінің жемісі екендігін айтты.


Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы