Жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйетін патриот азамат тәрбиелеу - бүгінгі мектептің басты міндеті. 
Қай елде патриоттық тәрбие жоғары болса, сол елдің саяси тұрақтылығы қарыштап дами беретіндігі белгілі.
18 ақпан күні Қаратөбе мектеп-гимназиясында Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігін дәріптеу, оқушылардың бойындағы патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылуына 28 жыл толуына орай "Жастығын жалын шарпыған..." тақырыбында әдеби-сазды кеш оздырылды.
Кеш барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар ән мен биден шашу шашып, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі етті.


Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы