БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник А.Ахметжановтың 2017 жылғы 18 қаңтардағы №11 бұйрығымен облысымызда 2017 жылдың қаңтар айының 23-нен ақпан айының 23-і аралығында тұрғын үй секторының өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланған болатын.
Қаратөбе ауданы көлемінде былтырғы жылы 14-өрт оқиғасы тіркелді.
Атап айтқанда: 1-і тұрғын үй, 1 монша, 10 шаруашылық құрылыстары, 1 автокөлік және 1 жекеменшік тракторының ПТС-4 тіркемесінде. Өрт оқиғасынан кінәлі деп танылған 4 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 410- бабының 1-ші бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық 14 іс ҚР ҚІЖК-нің 186 бабымен аудандық ІІБ-не жолданды. Өрттің салдарынан келген материалдық шығынның көлемі 1 млн. 880 мың теңгені құрады. 
Қаратөбе ауданындағы тұрғын үйлерді өрт қауіпсіздігі айлығы бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және аудандық №16 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен аралау кезінде тұрғындардың электр бұйымдарын, жарамсыз пештерді пайдалану және үй ішіндегі электр желілерінің ақауларының кемшіліктері көптеп орын алуда.
Тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында төмендегі қажетті өрт қауіпсіздігі шараларын орындау қажет:
- үйден газдың иісі шыққан кезде темекі тартуға, ашық алау жағуға және электр желісін қосуға жол бермеңіз;
- өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес пеш салуды тек маманға ғана сеніп тапсырыңыз;
- ересектер жоқ кезде кішкентай балаларға өздігінен пеш жағуға немесе жанып жатқан пешті қарауға рұқсат бермеңіз;
- үй жиһазы, терезе жабыны және басқа да жаңғыш заттар пештен 0,5 м қашықтықта болуы қажет;
- пештің алдына, көлемі 50х70 см көлемдегі қаңылтыр қағу керек;
- пеш мұржасы күйеден тазартылуы керек;
- электр жүйелері ақауларын тек маманға ғана сеніп тапсырыңыз;
- газ плита артындағы жарға газет, дастарқан және т.б. жағыш заттарды қағуға болмайды;
- шатырдағы барлық түтін өтетін мұржалар және қабырғалар, түтін өтетін жолдарды сылау;
- зауыттан дайындалмаған электр жылыту приборларын пайдаланбау;
- ақаулы және істен шыққан электр қосқыштарды, патрондарды ауыстыру;
- жағылған газ приборларын қараусыз қалдыруға газ баллонды ауыстырғанда, газ баллоның ауызындағы резинкасы міндетті түрде жарамды болуы және бар жоғын қарау;
- өз бетімен газ приборларын ауыстыруға және жөндеуге тыйым салынады;
- газ приборларын жасалуына өзгертулер жасауға;
- редукторды газ баллонға салған кезде, тек сабының көпіршігімен тексеру керек, сіріңкемен тексеруге мүлдем болмайды;
- газды пайдаланып болғаннан кейін газ приборларының жапқышын, редукторын жабуды ұмытпау;
- сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерге қою керек.
Сондай-ақ, рейд барысында тұрғындарға өрт кезіндегі іс-қимылдары мен кеңестер берілді, төтенше жағдайлар немесе апаттар кезінде көмек алу үшін «101» нөміріне хабарласу керектігі бірнеше рет қайталанды,- дейді аудандық ТЖБ-нің аға инженері, азаматтық қорғау майоры Мэлс Ысқақов.


Серікбай ХАСАНОВ,
Қаратөбе ауданы