Бүгін Қаратөбе ауданында да Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ТЖ комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2017 жылдың 9-10 наурыз күндері Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильинның жалпы басшылығымен «Көктем-2017» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығулары өтті.
Осы орайда аудандағы төтенше жағдайлар бөлімі мен өзге де құрылымдар, басқарма-кәсіпорындар су тасқының алдын алу жағдайын пысықтап, төтенше жағдайларға жол бермеу және олардың алдын-алу шаралары жайында кеңесті.
Қаратөбе ауылы аумағында аудандық шұғыл әрекет ету жасағының саптық байқауы өткізілді. 
Саптық байқауға аудандық шұғыл әрекет жасағының 13 техникасы мен 53 адам қатысты. 
Жасақтың дайындық жұмысымен аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев, Қаратөбе аудандық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Нұрбол Нысанов танысты.
- Оқу жаттығу жоспарына сай алдымен олардың дайындығы, төтенше жағдай орын алған кездегі іс-әрекеттері толық тексерістен өткізілді.
Техникалардың сақадай-сайлығы, бұл саладағы мамандардың білім-біліктіліктері іс жүзіндегі жағдайға сәйкес әрекет етуі толық қадағаланды. Оқу жаттығу өз мақсатына жетті. Аудандық шұғыл әрекет жасағы алдағы көктем кезеңіндегі су тасқынына сақадай-сай дайын, - дейді Қаратөбе ауданының ТЖБ-нің аға инженері, азаматтық қорғау майоры Мэлс Ысқақов.
Оқу-жаттығу шарасына қатысып, мекеме-кәсіпорындардың су тасқынына дайындықтарын тыңдаған аудан әкімінің орынбасары Рашит Нәсіпқалиұлы әр іске үлкен жауапкершілікпен қарауды, су тасқынының алдын алуды ұйымшылдықпен өткізуді тапсырды.


Тоты АСҚАРҚЫЗЫ,
Қаратөбе ауданы