Бүгін аудандық білім беру бөлімінің мәжіліс залында аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы оздырылды.
Алдымен комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов сөз алып, күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды. 
Комиссия отырысына аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары, медицина қызметкерлері мен мектеп директорлары, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандары қатысты.
Отырыста басты мәселе аудан мектептеріндегі әлеуметтік педагогтар мен психологтардың атқарған жұмыстары туралы болды.
Аққозы ЖОББМБ суицидтік мінез-құлықты және балалар арасындағы өлім қаупін тудыратын ойындарды («синий кит», «тихий дом») насихаттайтын әлеуметтік желілерге балалардың тіркелмеуі жөнінде мектеп әкімшілігі тарапынан ақпарат ала отырып, алдағы уақытта оқушылардың күн тәртібін қадағалауға ерекше мән берген. Бұл жөнінде комиссия отырысында Аққозы ЖОББМБ-ның директоры Айгүл Айтқалиева «Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараның орындалуы» атты баяндамасында тоқталып өтті.
Отырысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Сатқан Ержанұлы жайсыз отбасыларды анықтау жөніндегі арнайы жұмысшы топтың құрамы жаңадан жасақталғандығын айтып, осы негізде тиісті мектеп директорларына оқушылар тәртібін одан әрі қадағалауға тапсырма берді.


Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы