7 наурыз күні Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Шөптікөл ауылының әкімшілік ғимаратында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ауыл аналарымен кездесу кеші өтті.
Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Қадіржан Сүйеуғалиев, Қаратөбе ауылдық округ әкімінің орынбасары Бекболат Бердіғалиев, Шөптікөл ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамбыл Тоғжанов қатысып, ауыл аналарын төл мерекелерімен құттықтап, құттықтау хат пен бағалы сыйлықтар табыс етті.
Жылы жүзді кездесуде аяулы аналарымыз ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушы тарапқа алғыстарын жеткізді.


Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы