8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай қыз-келіншектер арасында мекемеаралық волейбол ойыны оздырылды.
Тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі әйелдер күніне арнап ұйымдастырылғын шара барысында аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов барша нәзік жандыларды көктемнің айтулы мерекесімен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен ойын нәтижесінде Мұхит атындағы ЖОББМ-нің командасы І орынды иеленсе, аудандық орталық аурухана арулары жүлделі ІІ орынға ие болды. Ал, Қаратөбе ауданы әкімдігі аппаратының қыздары ІІІ орынға қол жеткізді.
«Жеңіске деген жігері үшін» Қаратөбе мектеп-гимназиясы командасы иемденді. 
Сондай-ақ, түрлі номинациялармен аруларымыз да марапатталған атап айтсақ : «Үздік шабуылшы» Ирина Шабдарова , «Үздік қорғаушы»Аягүл Бисенгалиева , «Көрермен көзайымы»Эльмира Есқайырова . 
Дойбыдан І орын Толқын Қыдырниязова , ІІ орын Эльмира Сыдықова , ІІІ орын Бақтыгүл Кенжеғалиева .
Тоғызқұмалақтан І орын Жанат Есенаманова , ІІ орын Ғалия Сағидуллина, ІІІ орын Эльмира Ғабдрашова. Жеңіске жеткен командалармен жекелей спортшылар марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.


Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы