3 наурыз күні Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Қаратөбе аруы – 2017» байқауы өтті.
«Қыз өссе – елдің көркі» деп бабаларымыз айтқандай өнегелі сөздің астарында халқымыздың қыз баласын сұлулық пен нәзіктікке балайтынын байқауға болады. Қазақ қызы десе жүзінде ұяңдық бар, әдепті де инабатты жан елестері хақ.
Арулардың инабаттылығы мен ибалылығы сайысқа түскен байқауға ауылдық округтерден және аудан орталығындағы мекеме ұжымдарының арулары қатысты.
Сайысқа шыққан 14 арудың сахнада өзін-өзі ұстай білу мәдениеті және киім кию үйлесімділігі мен ой ұшқырлылығы жан-жақты ескерілді.
Сайыс қорытындысында әділ қазылар алқасының төрағасы Абат Ізімғалиұлы сөз сөйлеп, байқауға қатысушыларды және барша әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, алғысын білдірді.
Үздік өнер көрсеткен Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің атынан қатысқан Айгерім Ахметжанова «Қаратөбе аруы -2017» атағын иеленді.
Егіндікөл ауылдық округінің намысын қорғаған Раушан Құрманәлиқызы ІІ орынды еншілесе, аудандық балалармен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының атынан сайысқа түскен Ұлпан Сағындықова ІІІ орынды иемденді.
Қазылар алқасының шешімімен сайысқа қатысушы арулар «Ең әдемі көйлек», «Инабатты ару», «Көрермен көзайымы» аталымдарына ие болып, арнайы сыйлықтармен марапаталды.


Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы