Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асхат Шахаров кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй, жұмысқа орналасу мәселелерін қозғады.
Аудандық филиал төрағасының қабылдауына арнайы келген Жусандыой ауылының тұрғыны Дидар Мұхитов жұмысқа орналасу, Қалдығайты ауылының тұрғыны Алмагүл Бикенова баспана алу мәселелерін айтты. 
Қаратөбе ауылының тұрғындары Біржан Жұмағалиев тұрғый үй, Шабдал Сейтқалиева мен Жанна Ақболатова жұмысқа орналасу мәселерін айтты. 
«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асхат Шахаров көтерілген мәселелер назардан тыс қалмай, тиісті деңгейде қадағаланатындығын жеткізді.


Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,
Қаратөбе ауданы