Бүгін Қаратөбе ауданында күрделі жөндеуден өткен қоғамдық монша халық игілігіне берілді.
Күрделі жөндеуден өткізілген қоғамдық моншаның жұмысымен танысуға келген аудан әкімі Асхат Шахаров жаңаша кейіпке енген нысанды аралап көрді. 
Моншада келушілерге барлық жағдай жасалған. Санитарлық талаптарға сәйкес келеді. 
Қоғамдық монша бір уақытта 50 адамды қамтиды. Жуынатын кең бөлме, шағын құрғақ және дымқыл бу бөлмесі және санитарлық торап орналасқан. Моншаның ішінен шай немесе басқа да сусындар ішетін орын және моншаға қажетті заттар сататын шағын дүкен жұмыс жасауда. Жаңа нысанда 8 жұмыс орны ашылды. Қоғамдық монша сенбі-жексенбі күндері сағат 09:00-ден кешкі 22:00 ге дейін келушілерді қабылдайды. 
Аталған нысан құрылысы жоспарлы түрде 6 айдың ішінде күрделі жөндеуден жұмыстары аяқталды. Құрлыс жұмысына жергілікті ауыл азаматтары тартылған.
Ауыл тұрғындарына ауадай қажет болған қоғамдық моншаның күрделі жөндеуін қолға алған «Әлібек» шаруа қожалығының жетекшісі Айбар Бірәлиевке жерлестерінің алғысы шексіз. 
Алдағы уақытта қоғамдық моншаның алды көгалдандырылып, түрлi ағаштар мен гүлдер егiлмекшi.


Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы