1 наурыз күні Қаратөбе ауданы мәслихатының мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев сала ардагерлерін қабылдады.
Қабылдау барысында аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, мәслихат аппаратының бас маманы Жора Жаңғазиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермеққалиев, «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ажар Берікқалиқызы, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нәжім Дәулетов және аудандық мәслихат депутаттары сала ардагерлері Мәулен Қожақметов, Қалдыбай Жұмашевті мерейлі 70 жасымен құттықтады.
Мәулен Қожақметов ұзақ жылдар басшылық қызметте болған. 40 жыл ауданның көркеюіне атсалысқан азаматтардың бірі. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған Мәулен Қожақметов зейнет жасына дейін аудандық мәслихат апаратының басшысы қызметін атқарған.
Қалдыбай Жұмашев ұзақ жыл сауда саласын басқарған білікті басшы. Ауданның өркендеп дамуына үлесін қосқан азамат Қалдыбай Жұмашев еңбек жолын клуб меңгерушілігінен бастап, зейнет жасына дейін аудандық мәслихат аппаратының бас маманы қызметін атқарған.
Аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев сала ардагерлеріне құттықтау хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.


Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы