1 наурыз күні Қаратөбе аудандық сотында сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірованың төрағалық етуімен «Ашық есік» күні өтті.
– Сот әділдігінің ашықтығын жүзеге асыру, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Сот кабинеті» сервисі арқылы азаматтар сотқа арыз бере алады. Қазіргі кезде сот отырыстары дыбыс-бейне жазбалармен өткізіледі. Сот төрелігін атқару жетілдірілді және оның ашықтығы мен жалпыға бірдей қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Сот төрелігі бұл заманауи технологиялар арқылы атқарудың нақты нәтижелерін көрсетіп отыр,- дейді сот төрайымы Бақытгүл Шабайқызы.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың 26-шы қаңтарында Жоғарғы Сот төрағасы бекіткен даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды жанжалдарды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесі әзірленіп, пилоттық жобаның мазмұнын түсіндіріп, медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізіп отырғанын айтып өтті.
Аудандық сотта өткен «Ашық есік» күніне аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының тиолог маманы Әмірбек Жәнібеков қатысып, көкейінде жүрген сауалдарына қонымды жауап алды.


Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы