1 наурыз - Алғыс айту күніне орай Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің және аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау бағытында «Ашық есік» акциясы аясында спорттық жарыс оздырылды.
Спорттық шараның ашылу салтанатында сөз алған Қаратөбе балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дулат Қоламанов жарысқа қатысушыларды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.
Ұлттық спорт ойындары түрлерінен өткен жарысқа аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері, Қаратөбе мектеп-гимназиясынің, Мұхит атындағы ЖОББМ-нің оқушылары қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша, қазақтың ұлттық спорт түрі арқан тартыстан І орынды «Қыран» тобы, ІІ орынды «Бүркіт» тобы, ІІІ орынды «Барыс» тобы иеленді. Аударыспақтан І орынды «Қыран» тобы, ІІ орынды «Арлан» тобы, ІІІ орынды «Арм» командалары еншіледі. Жекелей оқушылар арасында асық ату ойыны бойынша І орынды Ерболат Рысбаев, ІІ орынды Қарасай Дәулет, ІІІ орынды Қайыржан Мейірім еншіледі. 
Ұлттық спорт ойындары оқушылардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін оятуда үлкен маңызға. Қазіргі кезде қазақтың ұлттық спорт түрлерін мектеп оқушылары арасында дамыту, оң нәтижесін беруде.


Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы